Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көрермен тамашалады

Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көрермен тамашалады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған Almaty Summer Fest фестивалінің алғашқы маусымы аяқталды. Жаз бойы Алатау ауданындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында ашық аспан астында 13 концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның бір бөлігі мемлекеттік мерекелер мен көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығына арналды. Жоба аясында Домбыра күніне, Астана күніне, Абай күніне арналған іс-шаралар, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Сахнада Дос-Мұқасан, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, MuzArt, Жанар Дұғалова, Мирас Жүгінісов, Kalifarniya, Turar, Alem, Bayansulu, Садраддин, Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.

Фестиваль аясында экология тақырыбына да ерекше мән берілді. Концерт барысында «Таза Қазақстан» акциясының құндылықтары насихатталып, іс-шаралар аяқталған соң көрермендер аумақ тазалығын сақтауға шақырылды.

Жаз бойы жобаға 300-ден астам өнерпаз қатысып, 1 мыңнан астам ән шырқалды. Концерттерді 250 мыңнан астам көрермен тамашалады, ал фестиваль туралы әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың жалпы қаралымы 50 миллионнан асты.

Almaty Summer Fest мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтарының жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты