Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Абай алаңында Конституциясының 30 жылдығына арналған төрт сағаттық концерт ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен басталып, алаңды қуаныш пен бірлік рухына бөледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт алаңына түрлі буын өкілдері жиналды – ата-әжелер немерелерімен, ата-аналар балаларымен, жастар достарымен келіп, қуанышқа бөленді. Мыңдаған көрермен әншілердің әуеніне қосылып, әрбір өнерді ыстық ықыласпен қолдады. Сахна төрінде халық әртістері, домбырашылар, этно-ансамбльдер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, «МузАрт Life» тобы және басқа да белгілі әншілер болды. Көрермендерге ерекше тарту ретінде «Алматы – махаббатым» атты театрландырылған қойылым ұсынылды. Кештің хедлайнерлері Yenlik пен Қайрат Нұртас болды. Концерт 10 мыңнан астам көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, зор қошеметпен аяқталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады