Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қала күніне орай Open Air концерттері өтеді

Астанада қала күніне орай Open Air концерттері өтеді
Фото: pixabay.com

Елорда күніне орай Астананың бірнеше алаңында Open Air форматындағы концерттер өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концерт 6 шілде күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана Арена» стадионы алдындағы алаңда өтеді.

Екінші автотұрақ аумағында сағат 12:00-ден бастап сауда орындары, қолөнершілер жәрмеңкесі, фуд-корт, сондай-ақ балаларға арналған түрлі ойын-сауық алаңдары жұмыс істейді.

Ал сағат 18:00-де стадион аумағында ауқымды Open Air концерті басталады. Мәдени іс-шара барысында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

Мерекелік кештің жүргізушілері Линара Есен мен Дарын Олжабай болады. Сонымен қатар көрермендерге жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған цифрлық жүргізуші Батыржан Тазабеков таныстырылады.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Raim, Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, BAYANSULU, Alem, Bellucci, Yenlik, Abik Jeksen және Қайрат Нұртас өнер көрсетеді.

Сондай-ақ 6 шілде күні сағат 18:00-де «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда да ашық аспан астындағы концерт өтеді.

Бұл мәдени бағдарламада да заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері пайдаланылады.

Мерекелік концертте «МузАрт» тобы, Маржан Арапбаева, Айқын Төлепберген, Ерке Есмахан, Raim, Kalifarniya, BAYANSULU, Yenlik, Қазыбек Құрайыш, Қуандық Амандық, DOS, Абзал Өтешов, Didar және JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP өнер көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті