Астанадағы Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға ата-аналар мен балалар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық қорлардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2009 жылдан бері өтіп келе жатқан акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету. Астанадағы Достық үйі оған жыл сайын белсенді түрде атсалысады.
«Жомарт жан» орталығының директоры Хасан Шарипов жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанын айта келе, білім алудың маңызына тоқталды, тілегін жеткізді. Акция барысында 70 оқушы мектеп сөмкесімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.