Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Аналар кеңесінің, «Жомарт жан» орталығының қолдауымен өткен іс-шарада 200-ден астам балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.Игі шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қатысып, акцияға қолдау көрсеткен барлық жанашыр жандарға алғыс білдірді.
Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Әміржан Әлпейісов акцияның мақсатына тоқталып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілік қаражаты есебінен керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып саналады.