Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Алғыс айту күні мерекесі қалай тойланады

Астанада Алғыс айту күні мерекесі қалай тойланады
Фото: pixabay.com

Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиғамен – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Мерейлі датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке күндері мәдениет, спорт, білім беру ұйымдары, елордалық ҚХА және басқа да мекемелер қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі іс-шаралар дайындап отыр. Алғыс айту күніне орай Астанада салт-дәстүрлер мен алғыс айтудың түрлі тәсілдерін дамытуға бағытталған тақырыптық көрмелер, балалар мен оқушыларға арналған тәрбие сағаттары өтіп жатыр.

Жалпы, жоспарланған іс-шаралардың барлығы қоғамның тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде топтасуына, ел бірлігі мен патриотизмнің нығаюына ықпал етеді. 27 наурызда «AMANAT» партиясы мен астаналық ҚХА ерікті жастар ұйымдары дәстүр бойынша қарт кісілерге көмек көрсетіп, аулаларының қарын күрейді. Дәл осы күні қарттар үйінде ҚХА-ның дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтеді. Жұртшылық үшін концерт ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарынан дәм татады.Сондай-ақ, 27 ақпанда елордадағы №43 мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» атты қайырымдылық акциясы өтеді.28 ақпанда қала мектептерінде «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» тақырыптық сынып сағаттары өтеді. 

Наурыз бойы мектептерде ардагерлермен және ҚХА белсенділерімен кездесулер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.1 наурызда елордадағы салтанатты шаралар маңызды оқиғадан басталады: Достық үйінде ҚХА мерейтойына арналған «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты болады. Одан кейін халықаралық дөңгелек үстел өтеді, оның барысында Ассамблеяның мерейтойына орай Қазақстан Президентінің құттықтау сөзі оқылады. Бұл шара ҚХА-ның 30 жылдығына арналған жылдың ресми бастамасы болмақ.Одан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне барады, онда салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде түрлі этностардың жастардың құттықтаулары бар видео-челлендж бастау алады.

Тағы бір маңызды іс-шара – халықтың мұқтаж топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы.Дәл осы күні, 1 наурызда Достық үйінде шығармашылық топтардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты