Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Молдова Республикасының елшісі Игорь Молдован, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Тхань Ле Нгуен, Корея Республикасының елшісі Ки Хон Чжон, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла, Словакия Республикасының елшісі Любомир Регак, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Хайке Ренате Пайч, Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Аскеров, Словения Республикасының елшісі Бранко Раковец және Намибия Республикасының елшісі Моника Ндилявике тапсырды.

Мемлекет басшысы еліміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясат бағдарын ұстанатынын айтты.

– Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Сондықтан Орталық Азияда да, одан тысқары жерлерде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, ынтымақтастықты өрбіту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларға Қазақстанның экономикалық әлеуеті және ұлттық экономикаға шетелден инвестиция тарту ісіндегі табыстары жөнінде мәлімет берді.

– Біз елімізге шетел инвестициясын тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әлбетте, Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік кәсіпкерлерді және ірі компанияларды құшақ жая қарсы аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз, – деді Президент.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар жөнінде айтты. Оның қисынды жалғасы тарихи Құрылтай сайлауы болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі түбегейлі өзгерістер халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтатын тың мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

Сөз соңында Президент Астананың елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, сан қырлы ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Сондай-ақ мемлекеттер басшыларына жылы лебізін жолдады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді