Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады «Ақорда» резиденциясында тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты бағдары. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік ауқымдағы іс-шаралар мен кездесулерге ұйытқы бола отырып, халықаралық аренадағы белсенді ойыншыға айналды. Өңірдегі ірі экономикасы бар ел ретінде түрлі мемлекеттерден инвестицияны көптеп тартып отыр. Сондай-ақ Қазақстан нарығы экономикалық ынтымақтастыққа ашық. Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді