Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық БҰҰ аясында су саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

Халықаралық қоғамдастық БҰҰ аясында су саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі су ресурстары саласындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылауға арналған арнайы іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы Тараптарының 17-конференциясы (COP17) аясында өтті. Талқылауға БҰҰ, ұлттық делегациялардың, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Негізгі назар жердің тозуы, құрғақшылық, азық-түлік қауіпсіздігі және биоалуантүрліліктің сақталуы жағдайындағы су ресурстарын басқару мәселелеріне аударылды.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Мемлекет басшысының бастамасы халықаралық су ынтымақтастығын нығайту және Қазақстан, Моңғолия мен Орталық Азия өңірі тап болып отырған ұзақ мерзімді экологиялық проблемаларды шешу тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Осы ретте су саласындағы өңірлік өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру перспективалары да талқыланды.

Қазақстандық делегация Халықаралық су ұйымын құрудың тұжырымдамалық тәсілдерін және Астана, Найроби мен Нью-Йорк қалаларында өткізілген халықаралық консультациялардың қорытындыларын таныстырды. Қазақстан тарапы мүдделі мемлекеттер мен ұйымдарды су ресурстарын жаһандық басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін, оның ішінде Абу-Дабиде өтетін алдағы БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясы аясында талқылауға шақырды.

Қатысушылар БҰҰ-дағы қазіргі реформалар және су қауіпсіздігі саласындағы сын-қатерлердің артуы жағдайында Қазақстан бастамасының өзектілігін атап өтті. Моңғолия Су агенттігінің төрағасы Зэнэямадарын Батбаяр Қазақстан бастамасының уақтылы көтерілгенін атап өтіп, экологиялық және климаттық сын-қатерлердің жаһандық су проблематикасымен өзара байланысына назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар БҰҰ алаңдарында су күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге және осы саладағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді