Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысына қатысты

Қазақстан Жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысына қатысты
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ штаб-пәтерінде Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Идің төрағалығымен өткен «Жаһандық басқаруды реформалау және жетілдіру; жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп ден қою» тақырыбындағы Жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Е.Ашықбаев Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, БҰҰ-ның орталық рөлін қолдауға және неғұрлым әділетті, инклюзивті әрі теңгерімді жаһандық басқару жүйесін ілгерілетуге бейілділігін растады. Цифрлық алшақтықты қысқарту, жаңа технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Алматы қаласында құрылып жатқан БҰҰ АзТМЭӘК қамқорлығындағы Орнықты даму мүддесіндегі Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын және Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығын таныстырды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Су мәселелері жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасының өзектілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар көпжақтылықты, халықаралық құқықты және жаһандық басқару жүйесіндегі БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуға бейілділікті растайтын бірлескен коммюнике қабылдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды