Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен Қазақстан мен БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы ынтымақтастығын талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы қағидаттарына және көпжақты дипломатияны нығайтуға бұлжымас бейілділігін растады. Министр Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысатын БҰҰ делегациясының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, саммитті ұйымдастыру аясындағы жемісті ынтымақтастығы үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Ли Цзюньхуа Қазақстанның БҰҰ реформасына жан-жақты қолдауын, оның ішінде өңір елдерінің мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін және ұйымның жергілікті деңгейдегі тиімділігін арттыруға бағытталған елдік бастамаларын жоғары бағалады.

Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарына, оның ішінде Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын іске қосу бағытындағы бірлескен жұмысқа жеке тоқталды.

Е.Көшербаев су дипломатиясын дамытуға және осы мәселеде мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпараттандырды. Осы ретте сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ли Цзюньхуаны аталған тақырыпта ӨЭС аясында өтетін алғашқы консультацияларға қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы стратегиялық диалогты нығайту бойынша жұмысты жалғастыру ниетін өзара растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады