Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін су орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс саналатынын атап өтті.

Президент саладағы халықаралық ынтымақтастықтың анағұрлым тиімді архитектурасын қалыптастырудың маңызы ерекше екеніне назар аударды.

Осы орайда Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, су проблематикасына қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейту және орнықты шешімдерді ілгерілету жөніндегі жаһандық күш-жігерге тың серпін береді.

Алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру параметрлері мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар биыл желтоқсан айында Абу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі БҰҰ конференциясы саладағы түйткілдерді шешудің өзара келісілген тәсілдерін әзірлейтін алаң рөлін атқаратыны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ретно Марсуди Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді