Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 13-отырысына қатысты

Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 13-отырысына қатысты
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы көлік министрі Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің кезекті 13-отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында өтті.

Бұл іс-шара — өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды диалог алаңы. Көлік дәліздерін дамыту, логистикалық үдерістерді цифрландыру, шекаралық рәсімдерді жеңілдету және өңірлік көлік жүйелерінің орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық ұйымында «Өңірлік көлік байланысы мен тұрақты дамуды одан әрі ілгерілету» тақырыбымен төрағалық етуде. Инфрақұрылым, логистика және көлік саласындағы интеграция мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көлік министрлерінің 14-отырысы 2026 жылы Астана қаласында өтеді.

Сонымен қатар көлік министрі Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Тегеран декларациясы қабылданды, сондай-ақ отырыстың қорытынды есебі бекітілді.

Тараптар өңірлік көлік жүйесін қауіпсіз әрі орнықты дамыту мақсатында диалог пен келісілген іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады