Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер мен жүргізушілер көліктен шыққан өртті дер кезінде ауыздықтады

Түркістан облысында полицейлер мен жүргізушілер көліктен шыққан өртті дер кезінде ауыздықтады
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында өртенген автокөлікке дер кезінде көмек көрсетіп, өрттің таралуына жол бермеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент – Самара бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жиегінде тоқтаған "Volkswagen Golf" автокөлігінен түтін шығып, өрт басталғанын байқайды. Полиция қызметкерлері Сералы Ілияс пен Талас Құрбан жағдайды дереу бағалап, көмек көрсетуге кірісті. Көлік ішінде жүргізуші әйел мен оның құрбысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктің электр жүйесінде ақау туындап, соның салдарынан өрт шыққан. Тәртіп сақшылары арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдаланып, жалынды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Оларға жолда болған өзге жүргізушілер де көмек көрсетті.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрттің автокөлікке және оның маңындағы аумаққа таралуына жол берілмеді. Оқиға қызметтік автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Ең бастысы, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлердің жедел әрекеті адам өміріне төнуі мүмкін қауіпті дер кезінде сейілтуге мүмкіндік берді. Полиция жүргізушілерге автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап, электр жүйесі мен өзге де маңызды тораптарды уақтылы тексеруге кеңес береді. Қауіпсіздік талаптарын сақтау көлік өртінің алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді