Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері Пернебек Салибеков, Ербол Қуаныш және Әріпхан Қамбаров Қонаев даңғылын патрульдеу кезінде жол жигінде тұрған Golf Volkswagen автокөлігінің түтіндеп жатқанын көрген. Көлікке жақын келген тәртіп сақшылары көліктің алдыңғы оң жарық шамынан шыққан өртті байқап, жедел шаралар қабылдады.

Өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан полицейлер өз көмек қолдарын созып маңайдағы пәтерлерден шелекпен су алдырып сөндіре бастады. Полиция қызметкерлерінің білікті және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт тез сөндірілді.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын көлігін автотұраққа қойып, ауруханаға ем алуға келген. Кенеттен көліктен түтін шығып, оң жарық шамнан шыққан өртті байқаған тәртіп сақшылар дер кезінде көмек қолын созған. Осылайша қайғылы жағдай болуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал көлік иесі полицейлерге оның өртенген көлігін сөндіруге уақытылы көмектескені үшін алғыс айтты.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді