Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер бір тәулікте жолда қалған 20-дан астам жүргізуші мен шетелдікке көмектесті

Полицейлер бір тәулікте жолда қалған 20-дан астам жүргізуші мен шетелдікке көмектесті
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер бір тәулікте жолда қалған 20-дан астам жүргізуші мен шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға, оның ішінде шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті.

Алматы – Ташкент – Термез тасжолында патрульдік полицейлер жолда тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Белгілі болғандай, Ирандық жүргізуші, яғни егде жастағы ер адам денсаулығы болмай тұрғанын айтқан. Патрульдік полиция қызметкерлері Е.Қожасов пен М.Шорманов бірден жедел жәрдемге хабарлап, мән жайды жеткізді. Жедел жәрдем келіп, медициналық көмек көрсеткеннен соң жүргізуші өзін жақсы сезінгенін айтып, полицейлер мен медицина мамандарына алғысын жаудырды.

Сондай-ақ Шымкент – Самара тасжолында тәртіп сақшылары көктайғақ салдарынан жол жиегіне шыққан ГАЗель көлігін байқады. Полиция қызметкерлері М. Мақұлбеков пен Н. Әкімбай жүк көлігіне дереу көмек көрсетті.

Осылайша бір тәулік ішінде полицейлер 20-дан астам көлік жүргізушісіне, яғни 13 жеңіл автокөлік, 1 шағын автобус пен 10 жүк көлігін шығаруға жәрдем берді. Жүргізушілер полиция қызметкерлеріне уақытылы көмек көрсеткені мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады