Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда майлы, жем-шөп дақылдары мен қант қызылшасының егіс алқаптары ұлғаймақ

Қазақстанда майлы, жем-шөп дақылдары мен қант қызылшасының егіс алқаптары ұлғаймақ
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Серік Жұманғарин егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысын тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2024 жылғы маусымның жалпы егіс алқабы 23,9 млн га болатынын айтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 115,6 га-ғааз. Бидай (-439,2 мың га) мен арпа (-129,5 мың га) дақылдары қысқартылады. Оған қоса майлы (414,7 мың га-ға) және жем-шөп дақылдарын (96,4 мың га-ға) ұлғайту жоспарланып отыр. Мақта (-16 мың га) және күріш (-6,4 мың га) сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдарға бөлінген алқаптардың қысқаруы күтілуде.

Ақмола облысында (-251,3 мың га) бидайдың егіс алқаптарының ең көп көлемі қысқартылып, майлы дақылдар егу мақсатында әртараптандырылатын болады – 2023 жылғы 198 мың га-дан 2024 жылы 400 мың га-ға дейін. Қостанай (+85 мың га), Солтүстік Қазақстан (+65 мың га), Абай және Павлодар (+11 мың га) облыстарында майлы дақылдардың егіс алқабы ұлғаяды.

Жалпы 2024 жылы Қазақстанда майлы дақылдарға арналған ең үлкен егіс алқаптары СҚО (751 мың га), Қостанай облысында (746 мың га) және жоспарларды ескере отырып, Ақмола облысында бөлінетін болады. ШҚО-да 219 мың га майлы дақылдар егіледі, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9 мың га-ға артық.

«Өңдеу кәсіпорындарының қуаты мен нарықтағцы ахуалды ескере отырып, Алматы және Жетісу облыстарындағы жүгері алқаптарын 15 мың га-ға қысқарту бойынша жұмыс жүргізу қажет деп санаймыз. Дәнді дақылдарды қысқарту есебінен жоғары пайда түсіретін негізгі дақылдар алқаптарын ұлғайту қажет. Атап айтқанда, биыл майлы дақылдарды 3,2 млн га-ға дейін жеткізу керек. Әкімдіктердің өздері шаруалардың мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базаның болуына қарай қай майлы дақылдарды еккен дұрыс екенін анықтай алады», — деді Азат Сұлтанов.

Кеңесте жем-шөп дақылдарының егісін ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Өңірлерде сүт өнімдері өндірісін ұлғайту және мал шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, жем-шөп базасы қажет. Биыл жем-шөп дақылдарын 96,4 мың га-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс аумағын 13,3 мың га-ға ұлғайту жоспарлары атап өтілді, бұл нағыз керекті дақылдардың егіс алқабын 26,3 мың га-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, мемлекет қант қызылшасын өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетеді: өңдеуге тапсырған кезде оларға тоннасына 25 мың теңгеден төленеді. Сондай-ақ 2023 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қызылша өсірушілердің арнайы техниканы сатып алуы кезінде өтемақы нормативі 50%-ға дейін ұлғайтылды.

Қазақстандық шаруалардың тыңайтқыштарды пайдалануын ұлғайту және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін қазіргі уақытта аванстық субсидиялау тетігі пысықталып жатыр.

«АШМ АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу аясындағы индикативтерді белгілей отырып, өңірлер мен Үкімет арасындағы өзара іс-қимыл мәдениетін өзгертетіні туралы қаңтар айындағы Үкімет отырысында айтылған. Облыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, бізге бірге орындау керек индикаторларды есептеп, жіберіп отырамыз. Егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі жұмыс 5 жыл жүргізіліп, өңірлердің жауапкершілігінде болуы тиіс – елге қажетті дақылдар өндірісін қолдау үшін бюджеттерден қаражат бөлу мүмкіндігін пысықтап, оны сапалы орындау керек», — деді Серік Жұманғарин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді