Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер стоматологиялық клиникаға заңсыз кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Елордада полицейлер стоматологиялық клиникаға заңсыз кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні анықтады
Фото: polisia.kz

Елордада полицейлер стоматологиялық клиникаға заңсыз кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті мекеменің жабық тұрғанын пайдаланып, кілт таңдау арқылы ғимарат ішіне кірген. Жеке басын жасыру мақсатында қылмыс жасамас бұрын басына қара түсті шұлық киген. Клиникадан ол ноутбуктер, гаджеттер мен сейфті жасырын түрде алып кеткен. Келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады. Бет-жүзін жасыруға тырысқанына қарамастан, ер адам бүркеніш тақпай тұрып-ақ көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбаларды зерделеу барысында полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұйым басшыларына өз мүлкінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Сенімді құлыптар, күзет дабылы, бейнебақылау жүйелері және материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерде сақтау ұрлық жасау қаупін едәуір төмендетеді. Егер күдікті әрекеттерге куә болсаңыз немесе қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу “102” нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді