Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық тұрғынның көлік салонынан ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды

Астанада ер адамның түнде көлік салонынан ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полицияның хабарлауынша, С-189 көшесіндегі тұрақ периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау камераларына ВАЗ 2114 автокөлігінен жасалған ұрлық сәті түсіп қалған. Бейнекамерада түнде ер адам автотұрақтың жанынан өтіп бара жатып, көліктердің капоттарын ашуға тырысып жатқанын анық байқауға болады. Ер адам бірінші көліктің капотын аша алмаған. Содан кейін ол екінші көлікке жақындап, капотын ашып, жүргізуші жағынан есікке жақындап, тұтқаны тартып көрген. Есік құлыпталмаған болып шығады. Ол жылдам салонға кіріп, кілттер жинағын алып шығарады. Ұрлық жасағаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалады.

"Ұрының жүру жолын зерттегеннен кейін Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 21 жастағы автожуу орталығының қызметкерін ұстады. Ол ұрланған құралдарды жұмыста қолданған", – дейді полиция өкілдері. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты