Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер терезеден кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Елордада полицейлер терезеден кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Фото: Polisia.kz

Елордада полицейлер терезеден кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласында жатақхана бөлмесінен жасалған ұрлық фактісі бойынша полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстады. Қылмыс туралы хабар өткен тәулікте тіркеліп, дереу жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. "Қылмысқа тоқта" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азаматтың қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта Оқжетпес көшесі бойымен жүріп келе жатып, жеке сектордағы бір үйдің терезесіндегі ашық форточканы байқайды. Жатақханаға жасырын кіріп, бөлменің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, тұрғындар ұйықтап жатқан кезде ішке еніп, Samsung V-156 ұялы телефоны мен банк картасын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды. Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне мұқият болуға шақырады. Себебі қауіпсіздік – ең алдымен әркімнің қырағылығынан басталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді