Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол вокзалдарын жаңарту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Осы жұмыстар аясында Түркістан облысындағы «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«Түлкібас» стансасының тарихы 100 жылдан асады. Стансаның алғашқы ғимараты 1916 жылы салынған. Жаңа вокзал кешені тәулігіне 200-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген және азаматтар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Ғимаратта 90 орындық күту залы бар, бұл бұрынғы вокзалдан екі есе көп. Сондай-ақ теміржол кассалары, анықтамалық бюро, тамақтану пункттері, қызметтік үй-жайлар жұмыс істейді.

Кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедектер үшін арнайы аймақтар қарастырылып, лифт орнатылды. Сонымен қатар ана мен бала бөлмесі жабдықталған.

Реконструкция аясында ұзындығы 540 метр болатын перрон платформасы жаңартылды. Іргелес аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау және дауыс зорайтқыш жүйелері орнатылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер көпірі реконструкцияланды.

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі вокзалдарды қамтитынын және жолаушылар үшін заманауи және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өту маңызды. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміз бойынша 124 теміржол нысанын жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 72 вокзал жөнделіп, пайдалануға берілді. Тағы 49-ын реконструкциялау жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы тарихи-архитектуралық құндылығы бар үш ірі вокзал бойынша жұмыстар жеке блок ретінде қарастырылған. Оларды жаңғырту жұмыстары тарихи келбетін сақтау талаптарын ескере отырып, келесі жылы аяқталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді