Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды

Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қызылорда облысындағы Сексеуіл теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. 1904 жылы салынған тарихи вокзал ғимараты ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін заманауи келбетке ие болып, жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі бойынша қазіргі талаптарға толық сәйкес келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Реконструкция барысында ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, вокзалдың ішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ энергия үнемдейтін шыны пакеттермен жабдықталған заманауи алюминий витраждар орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде отандық өндірістің сапалы әрі ұзақ мерзімге төзімді материалдары пайдаланылды.

Бүгінде Сексеуіл вокзалы жалпы ауданы 454,03 шаршы метрді құрайтын заманауи бір қабатты ғимарат болып табылады. Нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, күту және қызмет көрсету үдерістерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

III класты вокзал тәулігіне орта есеппен 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан, Шу, Тараз қалаларына, сондай-ақ Ресей Федерациясына, Өзбекстан Республикасына және Қырғыз Республикасына қатынайтын 30 жолаушылар пойызы жүреді.

Айта кету керек, облыс аумағы арқылы жалпы ұзындығы 1051,7 шақырымды құрайтын магистральдық теміржол желісі өтеді. Бүгінде өңірде тәулігіне 15 жолаушылар пойызы қатынайды. Сонымен қатар, облыста 80 шақырымнан астам теміржол жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның іске асырылуы еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамыту және халыққа көрсетілетін көлік қызметтерінің сапасын арттыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Жаңартылған вокзал жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай қалыптастырып, көрсетілетін қызмет деңгейін арттыруға және теміржол тасымалдарын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді