Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Курорт-Бурабай теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

Курорт-Бурабай теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді
Фото: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Ақмола облысында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін «Курорт-Бурабай» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай қатысты.

Бурабай – еліміздегі жетекші туристік бағыттардың бірі. «Курорт-Бурабай» теміржол вокзалы курорттық аймақтың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық нысан болып табылады. Осыған байланысты вокзал теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында басымдық берілген туристік дестинацияларда орналасқан 20 вокзалдың қатарына енгізілді.

Жаңғырту жұмыстары барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды. Жолаушылар үшін қолайлы күту аймақтары жасалып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалысына жағдайлар қамтамасыз етілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, қауіпсіздік деңгейі және вокзалдың қолжетімділігі айтарлықтай артты.

Вокзалдың ашылуы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы теміржол вокзалы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ең ірі жобалардың бірі.

Ақмола облысында аталған бағдарлама аясында 16 теміржол вокзалы жаңғыртылуда, соның бірі – «Курорт-Бурабай» вокзалы.

Жобаның іске асырылуы өңірдің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және Бурабай курорттық аймағының заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді