Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 300-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында 300-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Абай облысында бір тәулікте 306 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру мақсатында 10-12 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысына бақылауды күшейтті. Бір тәулік ішінде облыс аумағында 306 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Атап айтқанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 4 фактісі, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзудың 7 фактісі анықталды.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлікті басқарудың – 14, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті басқарудың 74 фактісі тіркелді. Сонымен қатар тиісті рұқсатсыз көлік құралын қайта жабдықтаудың 8, техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарудың 21 фактісі анықталды. Көлік басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдаланған 60 жүргізуші жауапқа тартылды. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамаудың 89 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 2, көлікті мас күйінде басқарудың – 2, көлік басқару құқығы жоқ адамның көлік жүргізуінің – 9 және көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқаруының 5 фактісі тіркелді. Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаров жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

– Жол қауіпсіздігі – тек полицияның емес, әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі. Бір қарағанда болмашы болып көрінетін ережені бұзудың өзі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды, көлік басқару кезінде телефон қолданбауды және мас күйінде рөлге отырмауды сұраймыз. Басты мақсатымыз – жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, – деді Бауыржан Омаров.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді