Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны анықталды

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны анықталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 22-25 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері жарты күннің ішінде қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің 40-тан астам жол жүру ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 10 фактісі, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 4 фактісі, көлік құралдарын тиісті санатсыз басқарудың 1, сондай-ақ көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі анықталып, көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Мысалы Хромтау қаласында полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің жолаушылар көлігін басқаруға тиісті санаты жоқ екені анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді