Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында мас күйде автобус жүргізген азамат ұсталды

Ақтөбе облысында мас күйде автобус жүргізген азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында мас күйде автобус жүргізген азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру мақсатында 2-5 мамыр аралығында облыс аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Облыстың автожолдарында өткізілген іс-шараның бірінші күні қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 75 дерегінің жолы кесілді, оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 27 фактісі, жылдамдық режимін бұзудың үш фактісі, қарсы қозғалыс жолағына шығудың бір дерегі, қозғалыс кезінде телефон пайдаланудың алты фактісі, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір фактісі анықталды.

Мысалы, 3 мамырда патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде бір фирманың қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің масаң күйде болғаны анықталды.

Автобус арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті