Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта нысанда ғимараттың шатыры мен қасбетін орнату, перрон мен конкорстық өткелді реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары, кәріз,су, жылу және электрмен жабдықтау, желдету мен байланыс инженерлік жүйелерін монтаждау жұмыстары атқарылуда.

Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін вокзал кешенінің аумағы 500 шаршы метрге ұлғайып, 8,7 мың шаршы метрге жетеді. Бұл жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, жыл сайын артып келе жатқан жолаушылар ағынына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 255 маман мен 12 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Астана-1 станциясының вокзалы 1990 жылы салынған. Одан кейінгі жылдары тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілді. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін вокзал қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа эскалаторлар, лифтілер мен көтергіш платформалар орнатылмақ. Сондай-ақ пандустар, ана мен бала бөлмелері, заманауи санитарлық бөлмелер мен жайлы күту аймақтары жабдықталады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Вокзал аумағында тактильді навигация элементтері орнатылып, көру қабілеті нашар жолаушыларға арналған ақпараттық тақтайшалар жасалады.

Қайта жаңғырту аясында заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, қолжетімділікті бақылау және жолаушыларды хабардар ету жүйелері енгізілуде. Сонымен қатар жаңа LED-экрандар орнатылып, дауыс арқылы хабарлау жүйелері, жиһаздар мен технологиялық жабдықтар жаңартылуда.

2026 жылдың жеті айында Астана-1 станциясының жолаушылар ағыны 1,8 миллион адамнан асты. Оның ішінде 908 мыңнан астам жолаушы елордадан жолға шықса, ал 977 мыңнан астам жолаушы Астанаға келді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді