Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды

Астанада алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Anti Call-орталығы іске қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы алаяқтық қоңырауларды бұғаттайтын Anti Call-орталығын іске қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Нұрислам Балтабековтің айтуынша, жобаның басты мақсаты – интернет арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу.

«Орталық Қазақстан аумағынан да, шетелден де келіп түсетін күмәнді қоңырауларды анықтап, бұғаттайды. Anti Call-орталығының операторлары кибералаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алады және әлеуетті құрбандарына хабарласуына кедергі келтіреді.

Қоңыраулардың трафигі тұрақты түрде талданады: олардың қайдан келгені, кімге бағытталғаны зерттеледі. Егер бір жерден ұзақ уақыт бойы немесе тым көп қоңырау шалынғаны анықталса, бұл алаяқтық әрекеттің белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оператор алаяқпен сөйлесуді бастайды. Ол неғұрлым көп уақыт жоғалтса, азаматтар соғұрлым қауіпсіз болады. Ұзақ сөйлесу шығыны алаяқтың өзіне түседі, ал бұл уақытта киберполиция қоңырау түсіп жатқан азаматтарға олардың деректері қылмыскерлердің қолына түскені туралы ескертуге тырысады. Біздің тәжірибеде осы орталықтың көмегімен банк алдында тұрған азаматтың атына ірі несие рәсімдеудің алдын алған жағдай да болды», – деді Нұрислам Балтабеков.

Оның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Астанада алаяқтық қылмыстардың жалпы саны 3,5 пайызға, ал интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға азайған. Сондай-ақ өткен жылы елордада екі қылмыстық Call-орталықтың қызметі тоқтатылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді