Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл қорытындысы: Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 млн-нан астам қоңырау бұғатталды

Жыл қорытындысы: Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 млн-нан астам қоңырау бұғатталды
Фото: pixabay.com

Бүгінде ішкі істер органдарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – киберқылмысқа қарсы күрес. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен. Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы “жоқ” тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт). Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (екі жарым мың факт). Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (екі мың факт).

– Киберқылмыстың өсуі және оның жаңа түрлерінің пайда болуы тек Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие. Сондықтан да оларды ашу қиынға соғып жатады. Өздеріңіз білетіндей, интернетте шекара жоқ. Қылмыскерлер түрлі анонимді, шет елдерде орналасқан сервистерді пайдаланады, – деп атап өтті ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және оларды ашумен ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы айналысады.

– Биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде үш мыңнан астам интернет-алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қыркүйек айында Өскеменде 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан ұялы телефондар, ноутбуктер тәркіленді. Жалпы келтірілген шығын 80 млн теңгені құрады, – деді спикер.

Желтоқсан айында елордада полицейлер төрт алаяқтық сall-орталықты анықтады. Тінту іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 170-тен астам ноутбук пен желілік жабдықты тәркіледі.

Мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Ағымдағы жылы 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды.

Сонымен қатар 15 қарашадан бастап Қазақстан тұрғындарының стационарлық телефондарына келіп түсетін халықаралық қоңырауларды анықтау және бұғаттау жүйесі іске қосылды. Жүйе іске қосылған сәттен бері 278 мыңнан астам қоңырау бұғатталды.

Сондай-ақ қарыз алу рәсімдері sms арқылы растау және биометрия жүйесімен күшейтілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді