Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды

Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды
Фото: polisia.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға “жоқ” инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.

47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды.<!---

Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар.

  • Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз.
  • Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз.
  • Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуды ұсынса – сенбеңіз. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері мұндай операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді.
  • Жеке деректеріңізді, банк картасының жарамдылық мерзімін, CVV-кодын ешкімге бермеңіз.
  • Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және жобаның өзін мұқият тексеру қажет.
  • Телефоныңызға қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және PlayMarket платформаларын пайдаланыңыз.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді