Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк (жасанды интеллект) технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді. Бұл ретте олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді.

Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде олар мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны "инвестиция", "аккаунтты тіркеу" не "табысты ұлғайту" деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады. Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Кейбір жағдайларда алаяқтар "салықтарды", "алымдарды" немесе "сақтандыру жарналарын" төлеу қажеттігін алға тартып, азаматтардан қосымша ақша талап етуді жалғастырады.

Барлық анықталған факті бойынша ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда. Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: "кепілдендірілген" табыс туралы ұсыныстарға сенбеу; белгісіз адамдарға және күмәнді шоттарға ақша аудармау; күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген көздерден қосымшаларды орнатпау; компаниялар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізілімдер арқылы тексеру; инвестиция салуды жоспарлаған жағдайда инвестициялық нарықты зерделеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне ғана жүгіну. Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе "102" арнасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді