Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: өңірлерді есепке алу құралдарымен жабдықтау және бірыңғай есеп айырысу орталықтарын интеграциялау жұмысын жеделдету қажет

Қанат Бозымбаев: өңірлерді есепке алу құралдарымен жабдықтау және бірыңғай есеп айырысу орталықтарын интеграциялау жұмысын жеделдету қажет
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңір әкімдіктеріне биыл «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алып, инженерлік инфрақұрылым нысандарындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігін баса айтты. Вице-премьер 2027 жылға жоспарланған барлық өңірлік жобалар бойынша дайындық жұмыстарын алдын ала бастаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар ТКШ саласын цифрландыруға және азаматтарға тұрғын үй тағайындау рәсімдерін автоматтандыруға назар аударылды.

«Тұтынушыларды есептеу құралдарымен толық жабдықтамай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қысқа мерзімде  әрбір өңір бойынша есепке алу құралдарын орнату қажеттігін айқындап, Ұлттық экономика министрлігімен бірге аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша 2029 жылға дейінгі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуі қажет. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер өтеу бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау рәсімдерін жеңілдету және  автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай есеп айырысу орталықтарының мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тиісті интеграциясын қамтамасыз етуі қажет», — деді Қанат Бозымбаев. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді