Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЭКСЖ жобалық кеңсесінің отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және тұрғын үй көмегін көрсету талқыланды

ЭКСЖ жобалық кеңсесінің отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және тұрғын үй көмегін көрсету талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысын, жобаларды қаржыландыру мәселелерін, отандық тауар өндірушілер өнімдерін қолдану деңгейін, сондай-ақ тұрғын үй көмегін проактивті форматта көрсету жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық жобаның электрондық платформасында жалпы құны шамамен 1,4 трлн теңгені құрайтын 520 жоба тіркелген. Оның ішінде 554 млрд теңге сомасындағы 244 жоба сатып алу рәсімдерінің түрлі кезеңдерінде тұр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, пилоттық жобаларды ескере отырып, жалпы құны 371 млрд теңгеден асатын 127 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталған. Қазіргі уақытта жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде биыл «қызыл аймақтағы» нысандар санын, сондай-ақ инженерлік желілердің сыни тозу деңгейін төмендету күтілуде:

  • жылумен жабдықтау саласында — Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды және Ақмола облыстарында;
  • электрмен жабдықтау саласында — Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысы мен Алматы қаласында;
  • сумен жабдықтау саласында — Жетісу, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында;
  • су бұру саласында — Жетісу, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында.

Қанат Бозымбаев әкімдіктерге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен және «ҚазОрталық ТКШ» АҚ-мен бірлесіп жобаларды жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді және өңірлерде жөндеу жұмыстарына дереу кірісуді тапсырды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 маусымға дейін ЭКСЖ электрондық платформасы арқылы 2027 жылға арналған барлық жобалар бойынша өтінімдерді енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Вице-премьер ЭКСЖ аясындағы жобалардың елеулі бөлігі квазимемлекеттік және жекеменшік сектордың ірі компанияларына тиесілі екенін атап өтті. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингіне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп екінші деңгейлі банктер мен халықаралық қаржы ұйымдары арқылы қаржы тартатын жеке компанияларды сүйемелдеуді күшейту тапсырылды. Бұдан бөлек, вице-премьер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын тарту мәселесін пысықтап, 2026 жылғы 1 маусымға дейін Үкімет аппаратына ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Отырыста ЭКСЖ жобалары шеңберіндегі сатып алу рәсімдерінің жүйелі мәселелері мен отандық тауар өндірушілерге басымдық беру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «ҚазОрталық ТКШ» АҚ және Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп бір апта ішінде барлық жобаларға талдау жүргізіп, қазақстандық өндіріс тауарларын барынша пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері мен EPC-мердігерлер тарапынан отандық өндірушілер өнімдерін сатып алу бойынша тұрақты мониторинг жүргізу жүктелді.

«Біз қазақстандық тауарларды жобалау кезеңінен бастап қолдануды қамтамасыз етуіміз қажет. Сонымен қатар өнімді қажетті көлемде, сапада және мерзімінде жеткізу мәселелері бойынша отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды жолға қою маңызды», — деді Қанат Бозымбаев.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе — БЖО операторларымен интеграциялау арқылы тұрғын үй көмегін есептеу мен тағайындау үдерістерін автоматтандыру болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан сервистердің толық техникалық және ұйымдастырушылық дайындығы қамтамасыз етілгені атап өтілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатынан өткен 12 БЕАО операторын «Әлеуметтік көмек» АЖ-мен интеграциялау жұмыстарын жүргізуде.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп 2026 жылғы 1 шілдеге дейін БЖО-мен толық интеграцияны аяқтауды тапсырды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді