Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұрғын үй көмегі, отандық өндірушілерді қолдау және есепке алу жүйесін енгізу: Қанат Бозымбаев ЭКСЖ жобалық кеңсесіне жаңа міндеттер жүктеді

Тұрғын үй көмегі, отандық өндірушілерді қолдау және есепке алу жүйесін енгізу: Қанат Бозымбаев ЭКСЖ жобалық кеңсесіне жаңа міндеттер жүктеді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға арналған жобалық кеңсенің отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жалпы құны 31,6 млрд теңгені құрайтын жобалар топтамасы жүзеге асыру сатысында. Ұлттық жобаның қаржылық тұрақтылығы мен ауқымын кеңейту үшін қаражат тартудың әртараптандырылған стратегиясы әзірленді. 

Әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы «ҚТК» АҚ тарапынан 29,2 млрд теңге бағытталып, бірқатар өңірде 15 пилоттық жоба іске қосылды. Сонымен қатар даму институттары мен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру пысықталып, нарықтық қарыз тарту көзделіп отыр.

Энергетикалық және коммуналдық ресурстарды есепке алу мен мониторингтеудің заманауи жүйелерін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыт 170 табиғи монополия субъектісін қамтиды және 2026–2029 жылдарға жоспарланған. Аталған кезеңде шамамен 8 млн есептеу құралы орнатылып, жаңартылмақ. Салалық министрліктерге жыл соңына дейін коммуналдық қызметтерге арналған есептеу құралдарының стандарттарын бекіту тапсырылды.

Қанат Бозымбаев ұлттық жоба аясында отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануды ынталандыру және EPC-мердігерлердің дайындығы жөніндегі есептерді тыңдады. Қазіргі таңда МЭКС сатып алу платформасында 70-ке жуық әлеуетті жеткізуші тіркелген. 2026 жылға арналған кәсіпорындардың қажеттілігі талданып, әлеуетті жеткізушілер тізімі қалыптастырылды. Ол жалпы құны 439 млрд теңгеден асатын 11 мыңнан астам тауар позициясын қамтиды.

Вице-премьер Көлік министрлігі мен Қаржы министрлігіне отандық тауар өндірушілер сервисін ұлттық жобаның meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасымен ықпалдастыруды тапсырды. Сондай-ақ салалық ведомстволарға барлық EPC-мердігерлер мен қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілердің платформада тіркелуін, әрі ұлттық жобаға қажетті тауар позициялары бойынша ОТП тізілімінің толықтырылуын қамтамасыз ету жүктелді.

Қанат Бозымбаев әлеуметтік бағытқа да ерекше назар аударып, әкімдіктерге тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін халыққа кеңінен түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тұрғын үй көмегін алу үдерісін толық автоматтандырып, проактивті форматта көрсету үшін өз ақпараттық жүйелерін бірыңғай есеп айырысу орталықтарының дерекқорымен интеграциялау міндеті жүктелді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті