Алматы облысының түзету мекемелерінде теологтардың атқарған жұмысы оң нәтиже беріп отыр. Радикалды топтардың жетегінде кеткендер өз үйірлерін тауып жатыр. Десе де аса ауыр қылмыс жасағандардың қатарында экстремистік бағыттағы діни ұйымдарға мүше болғандар аз емес көрінеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Заречныйдағы ЛА155/12 қатаң режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі Сиражддин Гисов. Аса ауыр қылмыс өткізгендердің қатарында 19 жыл мерзімге отырған. Биыл 6 жыл. Өз кезінде теріс ағымның жетегінде кеткенін теріске шығармайды. Амал нешік, салдарынан жаза басты. Ал осындағы оңалту жүмыстарының оң нәтижесінде теологтардың көмегімен дәстүрлі ағымға бет бұрып отыр.
"Құдайға шүкір мен қазір осында намаз оқимын. Әрине ең бір қуанарлығы осында келіп исламның ақиқатына көзім жетті. Нағыз дұрыс жолды енді таңдадым. Теологтарға алғысым зор" - дейді жазасын өтеуші Сиражддин Гиясов.
Жалпы бұл мекемеде 850-ден аса жазаланушы бар. Оның 50-ден астамы әр түрлі бағыттағы дін ұстанғандар. Оның Сиражддин Гисов сияқты 45і адасқанын түсініпті. Ал қалған бес сотталушымен мамандар мақсатты түрде жән-жақты жұмыс істеп жатыр.
"Қалыптасқан идеологиялық жүйені бұзып оның санасына жаңа таным орнату оңай дүние емес. Біз шамамызша бағыт бердік. Енді артына қатпайтындай осы шақпен жүретіндей нәсихат беріп отырмыз деп ойлаймын" - деп өз ойын Исламтанушы Аскар Сабдин мырза білдірді.
"Бізде теологтар сотталушылар келген күннен жұмысын бастайды. Оның бағыты тексеріліп егер теріс бағыт болса араға тығыз қатынас орнатып, қашан алған бетінен қайтқанша жұмыс істейміз" - деді теолог, инспектор Ақылбек Нұралімов.
Індет өршіп тұрғанда түрме тұрғындарының тән саулығы да жән-жақтылы қарастырылып жатыр дейді жауаптылар. Өткен жылдан бері бірде бір адам қауіпті дерт жұқтырмаған. Бүгінде 510 жазасын өтеуші вакцина ектіріпті.
Айта кетерлігі тек теріс ағымның жетегінде кеткендер ғана емес өзге де жазасын өтеушілер теологтардан оң тәлім алып жатқан көрінеді. Бұл мәселені облыстық дін саласының мамандары қатаң бақылауда ұстап отырғаны байқалады.