Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қыркүйекте сотталған Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробациялық есептен шығарылды. Ол қазір Қазыбек би аудандық пробация қызметінде лауазымға ие болуға тыйым салу бойынша қосымша жаза алу үшін есепте тұр", - деді ҚАЖК өкілі.

2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметовтің мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот оны сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.

Ахметов мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 2,2 миллиард теңге төлеген. Нәтижесінде сот оның бас бостандығынан айыру мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. Ол Қарағанды облысының Қарабас ауылындағы АК159/18 колониясында жазасын өтеді. 2017 жылдың қаңтарында кешірім жарияланып, Серік Ахметовтің мерзімі қысқартылғаны белгілі болды. Жазаның өтелмеген бөлігі ширекке қысқартылып, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. 2017 жылдың қыркүйегінде Ахметов колониядан босатылды.

2019 жылдың қазанында сот Ахметовты бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан және мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жазаны мерзімінен бұрын шартты түрде босату шешімінен бас тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды