Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/17 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттар мен бандерольды тарату барысында мекеме қызметкерлерімен ерекше қырағылық танытылды, деп хабарлайды Шығыс – Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Ожиканова.
Осылайша, сотталған "А" ның атына келген сәлем-сауқаттың ішінен шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 7 қалташадағы шай орнына ұнтақ тәріздес әрі спецификалық иісі бар зат тығыздалғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, мекемеге дереу жергілікті құқық қорғау органдары өкілдері шақырылып, күмән тудырған зат тәркіленді.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәркіленген затқа қатысты сот сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша 37 гр. гашиш заты екені анықталды.
«Мекеме аумағына енгізілмек тыйым салған заттардың жолын кесу бағытында әркез және тұрақты түрде шаралар қолданылуда. Есірткі заттарын жазасын өтеп жатқандарға жөнелтуші «жанашырлар» өздерінің әрекеттеріндегі қылмыс құрамын және оның салдарынан туындайтын жауаптылықты түсіне бермейді. Мекеме әкімшілігімен тәрбиелік маңызы бар шараларды өткізу барысында жазасын өтеп жүргендердің назарына, ал ашық есік күндерін өткізу кезінде сотталғандардың туған-туысқандары қаперіне тыйым салынған заттарды жолдау жолдаған тұлғаның да, сондай-ақ қабылдап алушы тұлғаның да тағдырына теріс әсерін келтіру қаупін тудыратыны ескертіледі. Алайда, осындай түрлі айламен мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізуді тоқтатар емес. Сәлем-сауқатты жолдаушы азамат сәйкесінше қылмыстық жауаптылыққа тартылып, өзі де темір торға түсуі мүмкін. Қызметкерлер тарапынан, осы күнге дейін, мұндай деректермен кездесуге тура келіп отыр, - деді облыстық Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қанат Зиянов.