Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада аса ірі көлемде жасалған алаяқтық әшкереленді

Елордада аса ірі көлемде жасалған алаяқтық әшкереленді
Фото: polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеудің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесе алатын адам ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Ол жәбірленушіге мемлекеттік бағдарламалар арқылы немесе төмен бағамен пәтер алып беруге уәде етіп, көрсетілетін "қызметі" үшін алдын ала ақша талап еткен. Осылайша, тұрғын үйді тиімді бағамен рәсімдеп беремін деген желеумен жәбірленушіден 6 миллион теңге алып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Уәде етілген міндеттемелер орындалмай, жәбірленуші полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеушілер күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар екенін анықтады. Осыған байланысты азаматтардан сақ болуды және тұрғын үй рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру немесе жеңілдетілген бағамен пәтер алып беру жөніндегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуді сұрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді