Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстады

Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстады
Фото: Polisia.kz

Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елордада полицияға жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге қатысты арызбен жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы азаматшаны ұстады. Ол жылжымайтын мүлік алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушінің ақшалай қаражатын алдап алған. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел өзінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында ерекше “табыс табу жоспарын” ойлап тапқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, өзін риелтор ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Өз үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жәбірленуші оның ұсынысына сеніп, ақшасын берген. 

Келтірілген материалдық шығын көлемі – 40 миллион теңге. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктінің осындай 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Тәртіп сақшылары тұрғындарды өздерін алдауға жол бермеуге үндейді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады