Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісін әшкереледі

Астанада полиция аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісін әшкереледі
Фото: polisia.kz

Астана қаласы полиция департаменті аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісін ашты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін сенімді іскер серіктес ретінде таныстырып, тауар сатып алу және жеткізу бойынша тиімді ұсыныс жасаған. Осылайша ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала төлем ретінде ірі көлемде ақша алған. Алайда күдікті өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. Ол тауарды жеткізбей, алдау жолымен иемденген қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 70 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Полиция азаматтарды ірі көлемдегі қаржылық мәмілелер жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе алдын ала төлем талап етілген жағдайда серіктестің заңды мәртебесін, іскерлік беделін және құжаттарының дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Естеріңізге сала кетейік, алаяқтар көбіне жылдам табыс табу, тиімді баға немесе шұғыл жеткізу сияқты уәделерді пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіреді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды