Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған  азамат ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Алматы аудандық полиция қызметкерлері “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ірі көлемде алаяқтық жасаған 43 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге телефон арқылы хабарласқан. Ол “сіздің депозиттік шотыңыздан белгісіз тұлғалар ақша аударуға әрекет жасап жатыр” деп, азаматтың сеніміне кірген. Қауіпсіздік мақсатында жалған “қауіпсіз шот” ұсынып, оған 1 млн теңге аударуды сұраған. Бұдан кейін жәбірленушіге өзін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырған басқа тұлғалар хабарласып, “операцияның жалғасып жатқанын” айтқан. Олар жәбірленушіден өзге де жинақтары туралы сұрап, оның екінші деңгейлі банктегі шотында қомақты сомадағы қаражат бар екенін анықтаған. Алаяқтар азаматты ірі сомадағы қаражатты шешіп алып, оны “тексеру үшін” арнайы курьерге тапсыруға көндірген.

Нәтижесінде жәбірленуші 21 млн теңгені қолма-қол алып, қорапқа салып, келген курьерге табыстаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қолға түсірген қаражатты әр түрлі счеттарға аударып жіберген шетел азаматын қолға түсірді.  Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы айтқан нұсқауларына сенбеуге шақырады. Банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері ешқашан ақша аударуды немесе қолма-қол қаражатты үшінші тұлғаларға беруді талап етпейді. Осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады