Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрлігі ауыр салмақты автокөлік құралдарына бақылауды күшейтуде

Көлік министрлігі ауыр салмақты автокөлік құралдарына бақылауды күшейтуде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасының аумағында 10 шілде мен 10 тамыз аралығында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға бақылауды күшейтуге, сондай-ақ автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты көлік!» профилактикалық акциясы өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар елімізде жол төсемінің жоғары температура әсерінен бүлінуінің алдын алу мақсатында жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қоятын маусымдық температуралық режим қолданылады. Температуралық шектеулер ауа температурасы +25 °C-тан жоғары болған кезде енгізіледі және жүк көліктерінің жекелеген санаттарына қолданылады.

Бұл ретте халықаралық және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарына, тез бұзылатын, қауіпті және гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, жол жұмыстарын жүргізуге және әскери тасымалдарға тартылған автокөліктерге аталған шектеулер қолданылмайды.

Салмақтық-габариттік параметрлердің сақталуын және температуралық режим талаптарының орындалуын Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары қамтамасыз етеді.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында 500-ден астам ауыр салмақты автокөлік құралы тексерілді. Нәтижесінде көлік заңнамасының 281 бұзушылығы, оның ішінде 116 артық жүк тиеу дерегі анықталды. Сонымен қатар маусымдық температуралық режим талаптарын сақтамауына байланысты 302 жүк автокөлігінің қозғалысына шектеу қойылды. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тасымалдаушыларды қолданыстағы маусымдық шектеулерді ескере отырып, маршруттары мен қозғалыс кестесін алдын ала жоспарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді