Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 7 автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды

Астанада 7 автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Астанада 7 автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — рұқсат етілген массаны бұза отырып, ауыр көліктердің өтуі. Мәселен, Астанада 6300-ге жуық самосвал тіркелген. Олар қала маңындағы 29 карьерден инертті жүктерді тасымалдайды.Жолдардың бұзылуын алдын алып, бақылау барысында адами факторды болдырмау мақсатымен автоматтандырылған өлшеу станциялары Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары мен Қараөткел және Малотимофеевка кенттері жағынан қалаға кіреберіс жолдарда орнатылды.

Автоматтандырылған өлшеу станциялары қыркүйек айында іске қосылады. Қалаға кіретін барлық жүк көлігі адамның қатысуынсыз автоматты түрде өлшенетін болады.Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді, ал айналма жол арқылы жүріп өту немесе өлшеуден бас тарту сәйкесінше тіркеліп отырады. Бұл ретте Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Өлшеу жұмыстары көлік құралдарының қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.Министрлік аталған шараларды жүзеге асыру арқылы автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмау, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысын сапалы бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелерін шешуге ниетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді