Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 180 мыңға жуық бала жазғы жазғы демалыспен қамтылды

Астанада 180 мыңға жуық бала жазғы жазғы демалыспен қамтылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Биыл елордада 242 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған. Бүгінде демалыстың алғашқы екі кезеңінің қорытындысы бойынша 180 мыңға жуық бала түрлі лагерьлер мен жазғы жобаларға қатысып, жазғы уақытын тиімді өткізді. Қазіргі таңда үшінші маусым өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жазғы демалыс барысында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды демалыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. Осы жазда 11 мыңнан астам бала сауықтыру шараларына қатысса, оның ішінде 2 681 оқушы жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьлерге жолдама алды.

Балаларды қабылдап жатқан ірі демалыс орындарының бірі – «Барап» балаларды сауықтыру лагері. Жаз бойы мұнда 1 600-ден астам бала демалады. Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі сапалы тынығуына барлық жағдай жасалып, олар спорттық жарыстарға, шығармашылық үйірмелерге, мәдени-танымдық және зияткерлік бағдарламаларға қатысып, жаңа ортада достар тауып, өз қабілеттерін шыңдауда.

Бұдан бөлек, елордадағы мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлер, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тақырыптық клубтар да жұмысын жалғастыруда. «Дидарлы жаз – 2026» жобасы аясында оқушылар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын насихаттаса, «Атамекен» этно-лагерьлерінде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін танымдық бағдарламаларға қатысуда.

Балалардың қауіпсіздігі жазғы демалысты ұйымдастырудағы басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Осыған байланысты білім беру ұйымдары полиция, төтенше жағдайлар қызметі, денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Барлық лагерьлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.

Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру – балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Сондықтан елордада бұл бағыттағы жұмыстар жаз мезгілі аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді