Биыл жазда Алматыдағы түрлі демалыс түрлерімен 294 мыңға жуық оқушы қамтылды. Бұл 1-10-сыныптарда оқитын оқушылардың 98,7%-ы. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалыс науқанымен қамтылған оқушылар саны 4,3%-ға артқан. Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінді. Жазғы демалыспен 3 537 бала қамтылды. Олардың қатарында жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар және тәуекел тобындағы жасөспірімдер бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балалар лагерлерінде төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілді. Әр лагерьге полиция қызметкерлері бекітілген. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар немесе буллинг фактілері туындаған жағдайда жедел байланыс жасау үшін демалыс орындарына QR-код орналастырылған.Бүгін, 12:52
Алматыда 294 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз