Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балаларға арналған жазғы лагердің алғашқы ауысымы аяқталды

Астанада балаларға арналған жазғы лагердің алғашқы ауысымы аяқталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында ашылған мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші ауысымы өз жұмысын сәтті аяқтады. Бірінші маусымда 69 544 оқушы түрлі бағыттағы танымдық бағдарламалармен қамтылып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалар этнолагерь «Атамекен», IT бағыты бойынша «Digital Generation», достық пен бірлікке үндейтін «Досболайық», экологиялық бағыттағы «Жасыл әлем», танымдық саяхаттармен ерекшеленетін «Жас саяхатшы», кітап оқуға құштарлықты арттыратын «КітапLIKE» және кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Профквест» секілді арнайы лагерьлерде тәрбиелік және дамытушылық мәні зор іс-шараларға белсенді қатысты. Алдағы екінші және үшінші ауысымда мектеп жанындағы және бейінді лагерьлер өз жұмыстарын жалғастырады.

Жалпы, 2025 жылғы жаз мезгілінде елорданың 1-10 сынып аралығындағы 210 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал санатқа жататын 11 мыңнан астам бала да тегін демалыс мүмкіндігіне ие болады.Балалардың жазғы тынығуын ұйымдастыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

• 92 мектеп базасындағы мектеп жанындағы лагерьлер – 55 200 оқушыны қамтиды;

• 192 бейінді лагерь – 11 520 балаға арналған;

• 10 жобалық лагерь – 142 298 оқушыны қамтиды;

• қала сыртындағы лагерь – 1 400 балаға есептелген;

• қосымша ретінде 4 000-нан астам бала қала сыртындағы демалыс орындарына жіберіледі.

Сонымен қатар, елорданың 13 қосымша білім беру ұйымы негізінде шет тілдері, қолданбалы өнер және жүзу секілді бағыттар бойынша қысқа мерзімді үйірмелер мен тақырыптық күндізгі лагерьлер ұйымдастырылған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады