Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрлігі әуе тасымалы ережелерін жетілдіруде

Көлік министрлігі әуе тасымалы ережелерін жетілдіруде
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2015 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №540 бұйрығымен бекітілген «Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Ұсынылып отырған түзетулер жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және қолданыстағы нормаларды әуе тасымалы саласындағы заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

Атап айтқанда, музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібін нақтылау көзделіп отыр. Жобаға сәйкес, белгіленген талаптар сақталған жағдайда оларды қол жүгі ретінде, жеке жолаушы орнына орналастырып немесе тіркелген багаж ретінде тасымалдауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, қорғаныш қаптамасына салынған музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыра мен қобызды ұшақ салонында тасымалдауға рұқсат беру ұсынылады. Бұл ретте олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауға тиіс.

Сондай-ақ, жоба аясында әуе компаниялары белгілеген талаптарға сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік беру қарастырылған. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар жолаушыларға әуе тасымалы кезінде жеңілдіктер беру нормасын заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады.

Құжатта әуе кемесі сыйымдылығы төмен басқа әуе кемесіне ауыстырылған жағдайда жолаушыларды орналастырудың басым тәртібі де енгізілмек. Осыған сәйкес, бірінші кезекте кәмелетке толмаған жолаушылардың, мүгедектігі бар адамдардың, ауыр науқастардың, жүкті әйелдердің және зейнет жасындағы азаматтардың тасымалы қамтамасыз етіледі.

Жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында жолаушыны жеткізудің кешігуіне байланысты айыппұлды төлеудің нақты мерзімін белгілеу ұсынылады. Яғни, тиісті өтініш берілген күннен бастап төлем 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен қатар, тасымалдаушының кінәсі дәлелденген жағдайда тіркелмеген қол жүгінің бүлінуіне байланысты әуе компанияларының жауапкершілігін белгілеу көзделген.

Ұсынылып отырған өзгерістер қабылданған жағдайда әуе тасымалының ашықтығы мен қолайлылығы артып, саланың әлеуметтік бағыты күшейіп, Қазақстан Республикасындағы жолаушылардың құқықтарын қорғау деңгейі одан әрі жақсарады деп күтілуде.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы көпшілік талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған. Барлық мүдделі тұлғалар құжатпен танысып, белгіленген тәртіппен өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді