Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Тұлпар-Тальго» вагондарына мінгендер үшін қол жүгінің салмағы 25 килограмнан аспауы керек

«Тұлпар-Тальго» вагондарына мінгендер үшін қол жүгінің салмағы 25 килограмнан аспауы керек
Фото: pixabay.com

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызбен жүк пен багажды тасымалдау ережелерін еске салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сапардың жайлы өтуін қамтамасыз ету мақсатында қол жүгінің салмағы мен өлшеміне қатысты қолданыстағы нормаларды сақтау талап етіледі. Белгіленген шектерден асқан жағдайда артық жүк теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресми тәртіппен қабылданып, тасымалдауға рәсімделеді.

— Уәкілетті органның бұйрығына сәйкес, жолаушылар пойыздарында қол жүгін тегін алып жүрудің нормалары бекітілген. Атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған құрамдарда салмағы 25 килограмнан аспайтын және үш өлшемнің қосындысы 150 сантиметрден аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге болады. Қалған вагондар үшін бұл көрсеткіш — 35 килограммға дейін, ал өлшемі үш жақтың қосындысымен 200 сантиметрден аспауы тиіс, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жолаушылар бөлшектеліп, қапталған және көлемі қол жүгін орналастыру орындарына сыйған жағдайда балалар арбасын, қылқайық және моторсыз велосипедті ақысыз алып өте алады. Мүгедектігі бар жолаушылар жеке пайдалануына арналған көмекші техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарын қосымша ақысыз алып жүруге болады.

Қол жүгін жолаушылар отыратын орындарға, өткелдерге, дәліздерге және тамбурларға орналастыруға қатаң тыйым салынады. Белгіленген нормадан асқан жағдайда артық қол жүк немесе багаж теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресімделуге тиіс.

Бұл қызмет № 33/34 «Ақтөбе — Алматы», № 41/42 «Алматы — Атырау», № 77/78 «Алматы — Маңғышлақ», № 691/692 «Ақтөбе — Атырау», № 9/10 «Алматы — Астана» бағыттарында көрсетіледі. Құны станциялар арасындағы арақашықтыққа қарай есептеледі және қолданыстағы тарифтер мен ережелерге сәйкес айқындалады.

Мысалы, танымал бағыттарда жеке және заңды тұлғалар үшін багаж бен жүк-багажды тасымалдау құны (1 кг үшін) төмендегідей белгіленген:

• Алматы — Маңғыстау: багаж — 57 теңге, жүк-багаж — 114 теңге;

• Алматы — Астана: багаж — 39 теңге, жүк-багаж — 94 теңге;

• Шымкент — Алматы: багаж — 27 теңге, жүк-багаж — 57 теңге

Айта кетейік, жолсеріктер арқылы жүк жіберу заң талаптарына сәйкес келмейді және әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ қызметкердің жұмыстан босатылуына әкеп соғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әуежайда қол жүгіне қатысты жаңа ережелер енгізілгенін жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті