Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 280 жолаушылар пойызы тексерілді

Жыл басынан бері 280 жолаушылар пойызы тексерілді
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары жолаушылар теміржол тасымалы саласында мемлекеттік бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 4 айында 280 жолаушылар пойызында бақылау іс-шаралары жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 569 дерегі, билетсіз жүрген 88 жолаушы, сондай-ақ рәсімделмеген 1 308 кг жүк анықталды.

Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, сервистік қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды пайдалануға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 9 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы бақылау жұмыстарын жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді