Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда коронавирустан емделген науқастар ауруханадан шығарылуда

Оралда өкпесінің 95%-ы және 75%-ы қабынған екі науқас тиісті ем алып, ауруханада шығарылды. Бөкей ордасы ауданы Орда ауылының тұрғыны Бибігүл Сабирова облыстық көпбейінді ауруханаға түскенде өте ауыр хәлде болған. Компьютерлік томография өкпесінің 95 пайызы зақымданғанын көрсетіп, науқас реанимацияға жатқызылған, деп хабарлайды kazlenta.kz.

52 жастағы кейіпкеріміз коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентімен де егілген. Соңғы компонентін 3 қыркүйек күні алған екен. Дегенмен осыған қарамастан ауруханаға ауыр халде түсті.

- Жасым 52-де. Орда ауылындағы жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Отыз жылдық еңбек тәжірибем бар мұғаліммін. Өкінішке орай, иммунитетім әлсіз болғандықтан шығар, індет жұқтырдым. Жұқпалы аурулар ауруханасына денсаулығым мүшкіл күйде түскен едім, тіпті терең тыныс алудың өзі қиын болды. Бірінші Алланың, екінші осы ауруханадағы дәрігерлердің арқасында ажал аузынан қалдым. Аман қалуыма екпенің де пайдасы тиді деп ойлаймын. Осы сәтті пайдалана отырып, бөлім меңгерушісі Бибігүл Айтбаеваға, дәрігер Жанат Хабиеваға алғыс айтқым келеді. Отбасыма коронавирус жұққан жоқ. Қазір денсаулық жағдайым едәуір жақсарып келеді, - дейді Бибігүл Сабирова.

Облыстық көпбейінді аурухананың дәрігер-инфекционисі Бибігүл Айтбаева өңірімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып келе жатқанын жеткізді. Қазіргі уақытта індет жұқтырғандар саны азаюда. Дегенмен бұл арқа жайып босаңсуға болады деген сөз емес. Себебі тұрғындардың 60-80 пайызы вакцина қабылдағаннан кейін ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Ал әзірге ондай нәтиже жоқ.

«Коронавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін де індет жұқтыру қаупі бар. Кейбіреулер «Вакцина алсам да коронавирусқа шалдықтым» деп өкпе-реніштерін білдіріп жатады. Осы орайда індет жұқтыру адам ағзасының иммундық жүйесіне байланысты екенін айтқым келеді. Күйзеліске ұшырасаңыз, физикалық жүктеме артылса адамның иммунитеті әлсірейді. Сол кезде кез келген індетті жұқтыру қаупі артады. Бірақ вакцина салдырған науқас коронавирусты жұқтырса, тез сауығады», - дейді дәрігер.

Вакцинаның екі компонентін де салдырған кейіпкеріміз Бибігүл Сабирова өкпесінің 95 пайызы қабынып ауруханаға ауыр халде түссе де, реанимацияда 5 күн жатқаннан кейін тез сауыға бастады. Екі апта емделіп жазылған науқас ендігі ем-домдарын үйден жалғастыратын болады.

Келесі кейіпкеріміз Тәжікстан азаматы Қыдыратолла Қадыров та көпбейінді облыстық ауруханаға  өкпесінің 75 пайызы зақымданған күйде түскен. 6 күн бойы реанимацияда жатқан науқастың қазіргі уақытта жағдайы жақсы. Теректі ауданында жұмыс істеп жүрген ол тамыз айында коронавирус жұқтырыпты.

«Ауруханаға түскенде қызуым өте жоғары болды. Ентігіп, дем ала алмай жаттым. Өкпемді компьютерлік томографияға түсіргенде, 75 пайызының зақымданғанын айтты. Содан реанимацияда және интенсивті терапия бөлімінде 20 күн бойы ем қабылдадым. Шынына келсек, бойымда өзге ел азаматы болған соң ауруханаға кіргізбесе, дәрігерлер емдемесе не істеймін деген уайым болды. Өйткені жұмыс барысымен Теректі ауданына келіп, еңбек етіп жүрген едім. Бірақ дәрігерлер де, медбикелер де өте жақсы қарап, тиісті күтім жасады. Дәрігерлердің ем-домының, назарының арқасында сауығып шығып жатырмын. Тоғыз миллион халқы бар тәжік елінің атынан қазақстандық дәрігерлердің алдында басымды иіп, алғысымды айтамын, - дейді Қыдыратолла Қадыров.

Екі кейіпкер де Отандық медицинаға разылығын білдіріп, ем-дом көрсеткен дәрігер, медбикелерге алғысын айтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді